ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Б.С.Толысбаев, А.А.Сейсинбинова

Түйін

Қазіргі таңда, әлемде орын алған үлкен бәсекелестік және ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамта-масыз ету жағдайында елді жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті болып отыр. Дәл сол себепті тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық дамуы мәселесіне ерекше назар аудару қажет, себебі бүгінде инновациялар экономиканың барлық салаларында бәсекелестік тұрғысында жетістікке жетуінің маңызды драйвері болып табылады. Шетелдік бәсекелестік отандық тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына үнемі өндіріске инновациялар енгізу арқылы өнімдерді жетілдіру қажеттілігін тудырады. Жаңа өнімдерді енгізу кәсіпорындарға өзінің пайдасын сақтап қалуға, ал инновациялық дамуға құйған инвестициялар кәсіпорын шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Мақалада авторлар инновациялардың елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі және экономиканың дамуындағы маңызын, олардың тамақ өнеркәсібіндегі негізгі рөлін айқындаған. Аграрлық сектор мен тамақ өнеркәсібі саласындағы инновация түрлері қарастырылған және олардың негізгі ерекшеліктері сараланған. Авторлар Қазақстанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы инновациялық қызметтің қазіргі жағдайына талдау жасаған, еліміздің тамақ өнеркәсібі бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды қарастырған. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібін қолдау бойынша негізгі мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасалған. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігінің бағыттары мен олардың инновациялық дамуына ықпалын тигізетін негізгі факторлар анықталды, сала кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру бойынша шаралар кешені ұсынылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық дамуы үшін тиімді инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін инновациялық нарық қатысушыларының өзара байланыс механизмін енгізу қажеттілігі айқындалды.
Түйін сөздер: инновация, инновациялық белсенділік, ииновациялық даму, тамақ өнеркәсібі.

Сілтеме жасау

Б.С.Толысбаев, А.А.Сейсинбинова ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ // Экономика: стратегия және практика — 2019 — № 1 (14) — б. 109-122.