Әлемдік тәжірибе тұрғысынан Қазақстанның инновациялық белсенділігінің жергілікті шоғырлану ерекшеліктері

Днішев Ф.М.

Түйін

Мақаланың мақсаты – шетелдегі инновациялық белсенділіктің шоғырлану ерекшеліктерін қарастыру және әлемдік тәжірибенің Қазақстанда бейімделу мүмкіндіктерін көрсету.
Мақаланың әдіснамасы инновациялық және технологиялық қызметтің географиялық оқшаулану артықшылықтарын анықтаудың теориялық-әдіснамалық тәсіліне негізделеді, оған сәйкес дағдылар, ноу-хау мен білімдердің қорлануы экономикалық өсуді нығайтуға, технологиялық инновациялардың өндірісі мен таралуын ынталандыруға қабілетті өзіндік қолайлы «индустриялды атмосфера» қалыптасатын кеңістіктік шектеулі тұрғыда орын алады.
Шетелдік тәжірибеде түрлі жергілікті инновация типологиясының бар екендігі көрсетілген: инновациялық кластерлер, үйренуші аймақтар, аймақтық инновациялар жүйесі, жергілікті инновациялық жүйелер. Қазақстанда оларды дамыту мүмкіндіктері қарастырылған.
Түйін сөздер: инновациялар, жергілікті және аймақтық инновациялық жүйелер, үйренуші аймақтар, кластерлер, технопарктер.

Сілтеме жасау

Ф.М. Днишев Особенности локальной концентрации инновационной активности в Казахстане в контексте мирового опыта // Экономика: стратегия и практика — 2019 — № 1 (14) — С. 71-82.