Цифрлық экономиканың қалыптасу ерекшеліктері мен даму тенденциясы

Алимбаев А.А., Битенова Б.С.

Түйін

Индустрия 4.0» тұжырымдамасы цифрлық технологияларды құруды және жаңа технологияларға негізделген цифрлы қоғамды дамытуды қамтиды.

Қазіргі экономика үшін цифрлау және барлық жұмыс салаларындағы процестерді қарқындату өте қажет болып табылады. Цифрландыру өнеркәсiп, мемлекеттiк басқару, денсаулық сақтау, бiлiм, логистика және тағы басқа салаларды қозғайды.
Цифрлық технологияларды дамыту цифрлық технологиялардың біздің өміріміздің барлық салаларына енуімен байланысты, қарқынды технологиялық өзгерістердің салдарынан цифрлық технологияларды дамыту жеделдетілді және кең танымалдылыққа ие болды, біздің өміріміз өзгерді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялар азаматтардың мінез-құлқына, олардың ақпараттық қажеттіліктеріне және адамдар қалай жұмыс істейтініне және ақпарат алмасуына әсер етті. Цифрлық инновацияларды одан әрі дамыту, соның ішінде, мобильді қызметтер және жасанды интеллект сияқты өзгерістерді айтарлықтай жақсартады және біз бұрын күтпеген ерекше қызметтер мен әл-ауқатпен қамтамасыз етеді. Цифрландыру және жаһандану географиялық шекаралардың маңыздылығын төмендетеді, сол себепті адамдар мен қоғамдар халықаралық деңгейде байланысқа түсуге мүмкіншілік алады.

Бұл мақалада цифрлық технология мен цифрлық экономиканы анықтаудың тәсілдері талданады. Авторлар зерттеушілердің пікірін талдайды және цифрлық экономиканың тұжырымдамасына жеке түсініктерін ұсынады. Басты назар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, оның мақсаттарын, мазмұндылығын және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудің маңыздылығына бағытталды. Мақаланың мақсаты цифрлық экономиканың қолданыстағы теорияларын және практикалық-әдістемелік тәсілдерін зерттеу және осы негізде Қазақстан Республикасындағы цифрлық экономиканың қалыптасу және даму үрдістерін негіздеу.
Түйін сөздер: экономиканы цифрландыру, цифрлы технология, цифрлық экономика, экономикалық өсім, жаңғырту.

Сілтеме жасау

А.А.Алимбаев, Б.С.Битенова Цифровая экономика: особенности формирования и тенденции развития // Экономика: стратегия и практика — 2019 — № 1 (14) — С. 57-69.