Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуы және бәсекеқабілеттілігі

Спанов М.У., Орынбет П.Ж.

Түйін

Зерттеудің мақсаты Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің бәсекеқабілеттілігіне экономикалық көрсеткіштердің әсер ету дәрежесін және Ортақ дәрі-дәрмек нарығының құрылу жағдайында оның өсу факторларын анықтау болып табылады. Мақалада еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңнен бастап есептегендегі негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіруге әсер еткен факторлар анықталды. Яғни, 1990- 2018 жалдар аралығындағы көрсеткіштер талдауға алынған. Зерттеу салыстырмалы, статистикалық және экономикоөматематикалық үлгілеу әдістерімен жүргізілді. Фармацевтика өнеркәсібінің дамуына егжей-тегжейлі талдау, сонымен қатар оған түрлі факторлардың әсері дәрежесін бағалау жүргізілді, олар: Қазақстанның ЖІӨ, Жан басына шаққандағы ЖІӨ, Халық саны, Ең төменгі жалақы, Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы; Негізгі капиталға инвестициялар, Фармацевтика саласының негізгі капиталына инвестициялар, Шетел валютасындағы тауар айналымы (экспорт), Шетел валютасындағы тауар айналымы (импорт), Өндіріс көлемі, Өңдеу өнеркәсібі, Фармацевтикалық өнеркәсіптік өндірісінің индексі және Фармацевтикалық кәсіпорындар саны. Зерттеудің нәтижелері отандық фармацевтикадлық өнеркәсібінің бәсекеқабілеттілік жағдайын әжептеур жақсартатын факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Ортақ дәрідәрмек нарығын ЕАЭО аясында Казақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіне қатысты шешімдер қабылдауда және оны дамыту үшін бұл нәтижелер өте маңызды.

Түйінді сөздер: фармацевтилық өнеркәсіп, ЕАЭО, Ортақ дәрі-дәрмек нарығы, регрессиалық талдау, факторлық талдау.

Сілтеме жасау

М.У. Спанов, П.Ж. Орынбет Конкурентоспособность и развитие фармацевтической промышленности Казахстана // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 3 (14) — С. 69-84.