Қазақстандағы туристік бизнестің дамуына факторлық талдау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T6

Тлеубердинова А.Т., Шаекина Ж.М., Салауатова Д.М., Stephen Pratt

Түйін

Туризм ел экономикасының дамуына әсер ететін маңызды салаға айналды. Туризмнің негізгі артықшылықтары – табыс табу және жұмыс орындарын құру. Көптеген аймақтар мен елдер үшін бұл байлықтың маңызды көзі. Туризм индустриясының қозғаушы күші – кәсіпкерлердің қызметі. Екінші ретті деректерді талдай отырып, бұл зерттеу Қазақстандағы туристік бизнеске әсер ететін маңызды факторларды анықтауға бағытталған. Экономикалық өсу үшін нарық пен кәсіпкерліктің маңыздылығын ескере отырып, бұл зерттеу кәсіпкерліктің басқа макроэкономикалық көрсеткіштермен байланысын түсінуге тырысады. Кәсіпкерлікті жақсы түсінуге ұмтылу кәсіпкерліктің инновациялық экономиканы дамытудағы ерекше рөлі мен шектеулі ресурстарды неғұрлым стратегиялық пайдалану қажеттілігіне байланысты маңызды. Жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы туристік бизнеске әсер ететін макроэкономикалық факторларды бағалау. Зерттеу регрессиялық талдауды қолдануға негізделген. Мақалада туризм саласындағы белсенді субъектілердің санына статистикалық талдау жасалып, оның дамуына әсер ететін негізгі сандық факторлар анықталған. Зерттеу нәтижесі саланың дамуына әсер ететін маңызды факторларды анықтау болды. Зерттеу нәтижелерінің көлемі – бұл туризм индустриясының субъектілері: Мәдениет және спорт министрлігі, туризмді дамыту басқармалары, туроператорлар мен турагенттіктер, салалық ұйымдар, ғылымизерттеу институттарының қызметкерлері. Зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы туристік индустрияны дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жасау кезінде қолдануға болады.

Түйін сөздер: туризм индустриясы, кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлік қызмет, даму факторлары, корреляция, регрессиялық модель.

Сілтеме жасау

А.Т. Тлеубердинова, Ж.М. Шаекина, Д.М. Салауатова, Stephen Pratt Факторный анализ развития туристского предпринимательства в Казахстане // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 1 (15) — С. 89-99.