Қазақстанда экспортты әртараптандыруды бағалау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_1_T2

Сабден О., Әділханов О.Ш.

Түйін

Соңғы уақытта дамушы елдер бұрынғы дамыған елдермен салыстырғанда өте тез экономикалық өсімге қол жеткізді және экспорттық корзинасын мейлінше кеңейтуге мүмкіндік алды. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан экспортының әртараптандырылу деңгейін тереңнен зерттеу қажеттілігі туды. Мақаланың негізгі мақсаты Қазақстандағы аймақтардың экспортты әртараптандыру дәрежесін анықтау, экспорт көлеміне әсер етуші факторларды зерттеу және аймақтар мысалында экономикалық күрделілік индексін (ЕСІ) талдау. Херфиндаль-Хиршман және ЕСІ индекстерін есептеуде Қазақстанның 16 облысының бес жылдық мәліметтерді пайдаланылды. Ал экспортық түсімнің артуына әсер етуші факторлар Қазақстан мысалында корреляциялық кесте арқылы зерделенді. Зерттеуде Алматы қаласында экспортты әртараптандырудың жоғары деңгейі, ал Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында экспорттың өте жоғары шоғырлану деңгейі анықталды. Қорытындыда елімізде экспортты әртараптандырудың мүмкіндіктері талданып, біршама ұсыныстар берілді. Зерттеу нәтижелері аймақтардың экспорттық саясатын іске асыруда және кешенді стратегиялық жоспарлар даярлау барысында тиімді құрал болып табылады.

Түйін сөздер: экспортты әртараптандыру, экспорттық әлеует, Херфиндаль-Хиршман индексі, экономикалық күрделілік индексі, Қазақстан.

Сілтеме жасау

О. Сабден, О.Ш. Адилханов Қазақстанда экспортты әртараптандыруды бағалау // Экономика: стратегия және практика — 2020 — № 1 (15) — б. 25-35.