Шуленбаева Ф.А., Окутаева С.Т., Дарибаева А.К.
Түйін
Ғылыми мақалада қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасының аграрлық секторының негізгі тенденциясы қарастырылған. Мақалада экономиканың аграрлық секторындағы жүргізілген мемлекеттік реформалалар күтілген тиімділікті бермей отырғаны айқындалған, ауыл шаруашылығы дағдарыс жағдайында және басқарудың төменгі деңгейінде екендігі, меншік қатынастарында нақты нормативтік бөлулердің жоқ екендігі, саланың қаржылық жағдайының төмендеп кеткендігі көрсетіледі. Ауылшаруашылығындағы басты мәселе өндірілген өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы төмен бәсекегеқабілеттілігі және азық-түлік тауарларының импорттық үлесі өте жоғары екендігі байқалады. Кластерді қалыптастырудың теориялық негіздері зерттелді. Кластерлерді қалыптастырудың теориялық негіздері зерттелді. Кластерлердің дамуы тұрақты инновациялық дамуды қолдайтын және аймақтағы агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін және жалпы алғанда агроөнеркәсіп кешенін жетілдіретін танылған құрал болып табылатыны көрсетілді. Ауыл шаруашылығы қызметiн ұйымдастырудың кластерлiк нысанын пайдалану елдiң бiрқатар заңнамалық, нормативтiк және бағдарламалық құжаттарында көзделген. Ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен дамуына кластерлік көзқарасты дамытудың алғышарттары XIX ғасырда американдық ғалымдардың еңбектерінде қалыптасты. «Аймақтық кластер» термині компаниялардың мамандануында ұқсас өзара байланысты кәсіпорындардың кеңістіктік кластерін анықтау үшін М. Энрайтпен ұсынылды. Аймақтық кластер – экономиканың бір немесе бірнеше салаларында жұмыс істейтін кластердің мүшелері – аумақтық агломерацияны құрайтын өнеркәсіп кластері ретінде анықталады. Ғылыми мақаланың мақсаты – Ақмола облысында малшаруашылығы кластерін құру үшін, осы аймақтағы экономиканың аграрлық секторының экономикалық, табиғи-географиялық әлуетін айқындау. Ақмола облысының мал шаруашылығындағы негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды. Облыстың мал шаруашылығында аймақтық кластерді қалыптастыру мен дамыту бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Түйін сөздер: Өнімнің бәсекеқабілеттілігі, мал басы, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, ІҚМ етінің өндірісі, ІҚМ басы, аймақтық кластер, жоғары өнімділік, іс-әрекетті тиімді реттеу.
Сілтеме жасау
Ф.А. Шуленбаева, С.Т. Окутаева, А.К. Дарибаева Перспективы создания регионального кластера животноводства Акмолинской области // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 2 (14) — С. 81-95.