Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында дағдарыстық құбылыстарды анықтау модельдерін қалыптастыру

Мырзалиев Б.С., Азретбергенова Г.Ж., Мурат А.

Түйін

Мақалада аграрлық кәсіпорындардың дағдарыстық модельдерін және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мақсаттарымен пайда болу қаупінің бар болуымен айқындалатын дағдарысқа қарсы басқару үлгілерін әзірлеу қажеттілігі туралы өзекті деректер ұсынылып, талданды. Қолайсыз экономикалық жағдайларда отандық аграрлық кәсіпорындардың дамуына қиындық туғызатын негізгі теріс факторлар анықталды. Дағдарыстың белгілерін уақтылы танудың негізгі факторлары ашылды, оның оқшаулануы, алдын ала сауықтандыру және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шаралары ретінде зерттеудің құрамдас бөліктерін пайдалану аграрлық құрылымдардың дағдарысқа қарсы басқаруындағы тану мақсаттарының мәнін құрайды. Экономикадағы дағдарыстық жағдайдың пайда болу және даму себептері анықталды, аграрлық кәсіпорынның өмірлік циклінің сатыларына сәйкес келетін дағдарыстық жағдайдың графикалық үлгісі жасалды. Сонымен қатар зерттеуде тиімділікті бағалау және бағдарламаның нәтижелерін бақылау негізінде дағдарысқа қарсы басқару моделін әзірлеудің аса маңызды кезеңдері, олар аграрлықкәсіпорындардың дағдарыс ахуалынан шығуы бойынша ұтымды іс-қимылды анықтауға мүмкіндік беретін шаралар қарастырылды.

Түйін сөздер: дағдарыстық құбылыстар, дағдарыстық жағдай, дағдарысқа қарсы модель құру, дағдарыстық жағдай аймағы, дағдарыстық жағдайды диагностикалау, дағдарысқа қарсы басқару.

Сілтеме жасау

Б.С. Мырзалиев, Г.Ж. Азретбергенова, А. Мурат Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында дағдарыстық құбылыстарды анықтау модельдерін қалыптастыру // Экономика: стратегия және практика. — 2019 — № 2 (14) — б. 53-66.