Туркеева К.А., Умарова Г.Х
Түйін
Мақалада бірқатар дамыған елдердің ғылыми-технологиялық дамуының тәжірибесі талданған, оларда тиімді әрекет ететін ұлттық инновациялық жүйелер қалыптасқан. Осындай жүйелердің қалыптасу ерекшеліктері АҚШ-та, Жапонияда, Еуропа елдері (Швейцария, Франция, Ұлыбритания) көрсетілген, мұнда инновациялық механизмдер жекелеген әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу құралдарынан қоғамдық дамудың негізгі факторына айналған. Құрылымдық өзгерістердің тәжірибесі олар ең тиімді әсерді нарықтық күштер мен тетіктерді мемлекеттің белсенді ұйымдастырылған ықпалымен оңтайлы үйлестірген кезде ғана беретіндігін куәландырады. Экономикалық өсуді жеделдетуге бағытталған аса маңызды іс шаралардың ішінде меншік құқығын қорғауды, тұрақты саяси жағдайды қолдауды және еркін сауда саясаты негізіндегі халықаралық интеграцияны қамтамасыз етуді қамтитын макроэкономикалық шаралар ерекшеленеді. Ғылыми-технологиялық және инновациялық даму мемлекеттің ұзақмерзімді және тиімді ғылымиөнеркәсіптік саясаты арнасында әзірленуі және іске асырылуы тиіс деген қорытынды жасалды. Бұл ретте қазіргі заманғы қоғамдағы ғылымның рөліне деген көзқарасты қайта қарау және әлемдік экономиканың даму үрдістері мен отандық шаруашылық жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, оларды реформалау қажет. Өнеркәсіптік өсудің қолданыстағы парадигмасына әсер ететін ағымдағы үрдістер мен факторлар оның ресурстық компоненттерін қарқынды кеңейтуімен бірге қарастырылады. Ғылыми-технологиялық құрамдас бөліктерге негізделген индустриялық өсуге көшу проблемалары тұжырымдалады және зерттеледі, ал жеткілікті дамыған өндірістік және ғылыми әлеует, білімді халықтың кең ауқымының болуы және сыртқы ақпарат көздері мен капиталға қолжетімділік түрінде тиісті алғышарттар талданады.
Түйін сөздер: ғылыми-техникалық және технологиялық прогресс, жоғары технологиялар, инновациялар, жаһандану, ғылыми-техникалық интеграция,технологиялық құрылым, болашақтың модельдері, инвестициялық белсенділік.
Сілтеме жасау
К.А. Туркеева, Г.Х. Умарова Әлемдік технологияларды дамытудағы жаңа трендтер мен үрдістер // Экономика: стратегия және практика. — 2019 — № 2 (14) — б. 109-124.