Әлемде және Қазақстанда машина жасауды дамытудың негізгі үрдістерін талдау

Тулеметова А.С., Жанақова Н.Н.

Түйін

Зерттеу мақсаты. Қазақстанның машинақұрылысы саласы өте кешенді болып келеді және Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес [1] автокөлік құрылысы, мұнайгаз машинақұрылысы, ауылшаруашылық машинақұрылысы, тау-кен машинақұрылысы, электро-техникалық машинақұрылысы сияқты секторларды қамтиды, бұл бағдарлама аясында осы салаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Отандық машинақұрылысы саласының дамуының оң динамикасы бола тұра, өкінішке орай, әлі де көптеген шешімін таппаған мәселелер сақталуда. Машинақұрылысы саласы білікті кадрлардың тапшылығы бар салалардың бірі, оның себептері – оқу бағдарламасының өндіріс талаптарына сәйкес келмеуі, мамандықтардың мәртебесінің төмендігі, еңбек ақының төмендігі. Осы мақсатпен АҚШ, ЕҚ, Қытай сияқты елдердің мысалында машинақұрылысының әлемдік нарығын зерттеу негізінде, Қазақстанның машинақұрылысы саласының дамуын талдау жасау және машинақұрылысының отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу өзекті болып тұр. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында бақылау, салыстыру, өлшеу, талдау және дедукция әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері және қорытындылары. Отандық машинақұрылысы өнімінің шетелдік аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептері – республика кәсіпорындарының көпшілігінде ескірген өндіріс технологиясын қолдануға, импортталатын жабдықтаушы материалдарды, энергия тасымалдағыштарды және т.б. пайдаланудың аса жоғары үлесіне байланысты оның өзіндік құнының жоғары және сапасының төмен болуы. Одан бөлек, отандық зауыттардың өнімінің үлкен бөлігі моральдық ескірген және шетелдік аналогтарға қарағанда техникалық және пайдалану көрсеткіштері бойынша артта қалады.

Түйін сөздер: Машина жасау, өнеркәсіб, өңдеу өнеркәсібі, өнеркәсіптік даму, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, машина жасау тауарлырының экспорты, машиналар мен жабдықтар.

Сілтеме жасау

А.С. Тулеметова, Н.Н. Жанакова Анализ основных тенденций развития машиностроения в мире и Казахстане // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 3 (14) — С. 99-112.