Өңірлердің экономикалық өсуіне инновациялық белсенділіктің, адами капиталдың және білімнің әсері

Спанқұлова Л.С., Чуланова З.К., Ибраимова С.Ж.

Түйін

Жұмыстың мақсаты аумақтың адами капиталының даму деңгейі, инновациялық қызмет және білім ағыны мен өңірлік экономикалық өсу арасындағы өзара байланысты анықтау болып табылады Әдіснама негізін ҒЗТКЖ мен технологиялық инновациялар ағындарының өңірлердің экономикалық өсуіне тигізетін әсерін сандық бағалау құрайды. Инновациялық қызмет, білім ағыны мен аймақтық экономикалық өсу арасындағы байланыстарды модельдеудің негізгі әдісі ретінде кеңістіктік эконометрика құралдары пайдаланылды. Мерзімдік қатарларды іріктеу панельдік талдауды пайдалана отырып жүзеге асырылды, аймақтардың жеке ерекшеліктеріне тән модельдегі айнымалылармен корреляцияланған ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік берді. Экономика дамуының тиімділігін және оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын білімді құру және жинақтау процестері көп жағдайда елде жинақталған және іске асырылған адами капиталмен, сондайақ білім беретін аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен айқындалады. Осы ережені негізге ала отырып, Қазақстан аймақтардың адами капиталының ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік сүзгі көрсеткіші есептелген. Бұл көрсеткішті пайдалану білім ағымына ықпал ететін инновациялық дамудың негізгі факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстанда 1990-2018 жылдар кезеңінде инновациялық қызмет бойынша статистикалық деректер негізінде ҒЗТКЖ, инновациялық қызмет және аймақтық экономикалық өсу арасындағы өзара байланысты бағалау жүзеге асырылды. Жүргізілген есептеулер ұсынылған модельдерге сәйкес технологиялық инновацияларға шығындардың өңірлердің экономикалық өсу қарқынына оң әсері туралы гипотезаны растады. Тиісінше ҒЗТКЖ-ны басқа аумақтар қарыз алуы және ендіруі, сондай-ақ өндірістік тізбек бойынша басқа өңірлерге таратуы мүмкін деген қорытынды жасалды.

Түйін сөздер: инновациялық процестер, аймақтық даму, адам капиталы, білім ағындары, ҒЗТКЖ, эконометрикалық модельдер.

Сілтеме жасау

Л.С. Спанкулова, З.К. Чуланова, С.Ж. Ибраимова Влияние инновационной активности, человеческого капитала, перетока знаний на экономический рост регионов // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 4 (14) — С. 53-66.