Сейітқазиева А.М., Исабаев М.М., Раушанов Е.М.
Түйін
Бұл зерттеудің мақсаты – индустриалды саясат және оның жергілікті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі, фирманың қызмет нәтижелеріне және осы саясаттың нәтижесіне әсер ететін факторларды іріктеуге арналған түрлі жұмыстарды талдау болып табылады. Бұл мақала осы саладағы өткен және жаңа жұмыстарды талдай отырып, теорияға өз үлесін қосады. Осы тақырып бойынша жасалған әдеби шолулар мен түрлі зерттеулердің синтезі көп жақты нәтиже береді. Егер зерттеудің кейбір бағыттарында тұжырымдамалар менжалпы қабылданған теориялардыңжалпы даму тенденциясы байқалады, ал индустриалды саясатты жүзеге асырудағы индустриалды ұйымдар теориясы экономистер арасында белгісіздік пен маңызды пікірталас туғызуда. Индустриалды саясатты жүзеге асыру, сайып келгенде «үлкен серпіліс» тұжырымдамасы мен басқа да тұжырымдамалар бойынша қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі себебіне байланысты нәтиже бермеуі мүмкін. Кейбір зерттеушілер экономиканың нақты салаларын қолдау арқылы саясатты іске асыруға тік көзқарас дұрыс деп санайды, ал басқа экономистер түрлі саладағы өзара тәуелді және өзара байланысы бар өндіруші конгломераттарды қолдау түріндегі кластерлік тәсілді ұсынады. Дегенмен кез келген индустриалды саясаттың негізгі мақсаты жергілікті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады деген ортақ пікір бар. Бұл зерттеу бәсекелік артықшылық симптомы деп аталатын – экспорттық хиттің пайда болуы.
Түйін сөздер: бәсекеге қабілеттілік, бәсекеге қабілетті күш, даму, салаларды ұйымдастыру, индустриалды саясат, салалар, өндірістік сектор.
Сілтеме жасау
A.M. Seitkaziyeva, M.M. Issabayev, Y.M. Raushanov Strengthening of a firm competitiveness through industrial policy: a literature review // Economics: strategy and practice. — 2019 — № 4 (14) — p. 43-52.