Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан саудасына әсері: синтетикалық бақылау әдісін қолдану арқылы әсерді бағалау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T5

Мухамедиев Б.М., Темербулатова Ж.С., Иляшова Г.К.

Түйін

Интеграциялық процестер аясында елдердің сауда саясаты жеке елдің де, тұтас интеграциялық бірлестіктің де бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етеді. Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан мен интеграциялық блокқа мүше басқа елдер арасындағы екіжақты саудаға әсері бағаланады. Зерттеудің мақсаты –ЕАЭО-ға кіргеннен кейінгі Қазақстан үшін сауданың пайдасын талдау. Синтетикалық бақылау әдісі қолданылды. Бұл әдіс аздаған мысалдарды қолдана отырып, гипотетикалық жағдайда әсер ету болмаған кезде олардың сандық көрсеткіштерін модельдеу арқылы бағалауға бағытталған. Модельдеу үшін 1995-2018 жылдарға арналған Қазақстан мен 40 донор елден деректер жиналды. Осы мәліметтер негізінде Қазақстанның сипаттамаларына өте ұқсас синтетикалық контрафакциялық бірлік құрастырылды. Зерттеу нәтижесінде егер Қазақстан ЕАЭО-ға кірмесе, оның ЕАЭО елдерімен екіжақты сауда ағындары 2018 жылы 18,5%-ға аз болатыны анықталды. Дәл осы әдістеме бойынша Қазақстанның ЕАЭО-ның әр елімен екіжақты саудасы жеке-жеке бағаланды.

Түйінді сөздер: Еуразиялық экономикалық одақ, екіжақты сауда, интеграция, синтетикалық бақылау әдісі, донорлық пул, контрафакциялық бірлік, әсер ету.

Сілтеме жасау

Bolat M. Mukhamediyev, Zhansaya.S. Temerbulatova, Guliya.K.Ilyashova The effect of Eurasian Economic Union on trade of Kazakhstan: impact evaluation using the Synthetic Control Method // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 55-64.