Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялардың детерминанттарын талдау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T6

Нурбацин А.С., Киреева А.А.

Түйін

Бүгінгі таңда, іскерлік ортадағы жылдам өзгерістерге байланысты әлем бойынша компаниялар кәсіпті және табысты ұлғайту үшін өздерінің негізгі стратегияларына жаңартпаларды жиірек қосуда. Бұл зерттеу жұмысында Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық қызметтерінің детерминанттары қарастырылды. Бұл зерттеуде қолданылған мәліметтер Қазақстанда Бүкіләлемдік банктің 2019 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында жүргізілген кәсіпорындар сауалнамадан алынған, олар өз кезегінде пробит және тобит регрессиялық модельдерін қолдану арқылы талданды. Қазақстан кәсіпорындарына сауалнама жүргізу ұлттық репрезентативті болып табылады және ол 1369 кәсіпорын арасында кездейсоқ жүргізілді, оның басым көпшілігі өндіруші секторына жатады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, фирманың жасы, формальді оқыту, фирма өлшемі, экспорттаушы статусы, түрі, секторы немесе фирма қызметі – барлығы кәсіпорынның инновацияға деген бейімділігіне оң әсерін тигізеді. Алайда зерттеу барысында нарықтағы бәсекелестер және кәсіпорын қызмет жасайтын аймақ негізінен инновацияны енгізуге кері әсерін тигізетіні анықталды. Сонымен қатар, барлық жерде бірдей факторлар (шетелдік қатысу, формальді оқыту, фирма өлшемі, оның түрі және секторы) өнімдік, технологиялық, ҒЗТКЖ немесе АКТ инновацияларына маңызды детерминанттар болып табылатыны белгілі болды. Яғни, бұл зерттеу жұмысының қорытындысының негізгі мәні кәсіпорындардың инновацияларды ынталандыруда осы негізгі факторларға басымдық берулері тиіс. Алынған нәтижелер кәсіпорындардың инновациялық даму стратегиясын құрау үшін және мемлекеттік органдардың фирмалардың инновациялық іс-шараларын ынталандыру саясатын құрау үшін қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: инновациялар, кәсіпорындар, детерминанттар, пробит модельі, тобит модельі, эконометрикалық талдау.

Сілтеме жасау

Нурбацин А.С., Киреева А.А Анализ детерминантов инноваций на предприятиях в Казахстане // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 65-77.