Адамзат өркениетінің әлеуметтік-ғылыми және технологиялық дамуының эволюциясы

Филин С.А., Жусипова Э.Е., Айтымбетова А.Н.. Исаева Г.К., Ускенов М.

Түйін

Осы мақаланың мақсаты – қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының дамуын болжау үшін адамзат өркениетінің әлеуметтік-технологиялық дамуын кезеңдерге бөліп талдау. Өйткені, әлемдік әлеуметтік-экономикалық жүйеде елдердің орны және олардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Мақалада қаралған міндеттер қатарында қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау болды. Негізгі технологиялардың дамуына және қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының өзгеруіне белсенді әсер ететін факторларды анықтау мақаланың жаңашылдығы болып келеді. Мақалада адамзат өркениетінің әлеуметтік-ғылыми және технологиялық даму кезеңдері және осы дамудың жекелеген кезеңдерінің сипаттамаларына салыстырмалы талдау берілген. Адамзат өркениетінің әлеуметтік, ғылыми және технологиялық даму болжамы жасалды. Адамзат өркениетінің әлеуметтік-ғылыми және технологиялық даму болжамы негізінде ғылыми, шығармашылық және инновациялық қызметке деген ынтаны арттыру бағытында қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарының дамуын болжау мүмкіндігі туралы ұсынымдар келтірілген. Әлемдік экономикадағы дағдарыстар қазіргі заманғы адамзат өркениетінің дамуының мәні мен парадигмасын «тұтыну» қоғамынан «шығармашылық, өзін-өзі тану және адам дамуы» қоғамына іс-әрекеттің барлық салаларында өзгергеніне дейін жалғасады деген қорытынды жасалды.

Түйін сөздер: технологиялық құрылым, әлеуметтік-мәдени құндылықтар, инновациялық ойлау, инновациялық
толқындар, инновациялық қызмет, әлеуметтік-ғылыми және технологиялық дамудың кезеңдері, әлеуметтік-ғылыми
және технологиялық кезең, әлеуметтік-экономикалық жүйе, экономикалық дағдарыстар, экономикалық циклдар.

Сілтеме жасау

Филин С.А., Жусипова Э.Е., Айтымбетова А.Н.. Исаева Г.К., Ускенов М Эволюция социально-научно-технологического развития человеческой цивилизации // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 93-105.