Бримбетова Н. Ж., Темирова Г.Қ., Султанаев А.А.
Түйін
Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады, себебі бірдебір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдерге деген сұранысын қанағаттандырмай, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Негізгі азық-түлікті тұтыну халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі, аймақтың әлеуметтік жай-күйінің жалпылама сипаттамасы, халықтың негізінен тұрғылықты жері бойынша тұтынатын өмірлік пайдаларының жиынтығы, сондай-ақ тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Зерттеу барасында жан басына шаққандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлерін тұтынудың нәтижелері ұсынылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың нормативтік құқықтары тұтынудың физиологиялық нормаларымен салыстырылып, ең аз және ең көп тұтыну көлемі бойынша жан басына шаққандағы тұтынудың өңірлік аспектісі қарастырылды. 2015-2019 жылдар аралығындағы азық-түлік түрлерін тұтыну мөлшері анықталып, аймақтар бойынша көш бастап тұрған және тұтыну мөлшері аз өңірлер көрсетілген. Соңғы жылдары халықтың азық-түлікті тұтыну құрылымының деңгейі айтарлықтай өзгерді, оларға бірқатар факторлар әсер етеді: тамақтанудың ұлттық ерекшеліктері; аумақтың климаты; экономикалық факторлар.
Түйін сөздер: азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылық тұтыну, мемлекеттік реттеу, бәсекелестік.
Сілтеме жасау
https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T5
Бримбетова Н. Ж., Темирова Г.Қ., Султанаев А.А. Өнім сапасы және Қазақстан аймақтарын азық-түлікпен қамтамасыз ету: проблемалары мен мүмкіндіктері // Экономика: стратегия және практика. — 2020 — № 4 (15) — б. 59-71.