Нурланова Н.К.
Түйін
Мақаланың мақсаты әлемдік теория мен практикада қолданыстағы аймақтық саясат модельдерінің эволюциясын, аумақтық дамуды реттеудің құралдары мен механизмдерін зерттеу және ХХІ ғасырда Қазақстан үшін аймақтық саясатты жүзеге асыру мен қалыптастырудың ең қолайлы парадигмасын негіздеу болып табылады.
Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері қолданылды: жүйелік тәсіл, логикалық талдау, салыстыру, аналогия, абстракция, теңдестіру, типология, жалпылау және нақтылау, сценарийлік үлгілеу әдістері.
Шет елдерде аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі басымдықтары мен тетіктері және жарты ғасыр ішінде олардың трендтерінің өзгеруі зерттелді. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде қолданылған аймақтық саясаттың негізгі модельдері (полярланған, іріктемелі, деңгейлестіруші іріктемелі, ынталандырушы, тежеуші), олардың жүзеге асыру сипаттамаларының, құрылымдары мен әдістерінің ерекшеліктері анықталды.
ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-тегеуріндердің ықпалымен көптеген елдердегі аймақтық саясат аймақтық үйлеспеушіліктерді теңестіруге бағытталып жатқандығы туралы тұжырым жасалды. Сонымен қатар оларды жүзеге асырудың негізгі құралдары ауысып отырады, депрессиялық аймақтарды тікелей мемлекеттік қол-дауда өсімді ынталандырудың жанама әдістеріне жол беріледі.
Қазақстанда біріншіден, ішкі ресурстарды пайдалануды; екіншіден, жаңа «өсу нүктелерін» қалыптастыруды; үшіншіден, инклюзивті даму принципі бойынша еліміз аумақтарының әлеуметтік-экономикалық үйлеспеушіліктерін деңгейлестірумен қамтамасыз ететін жаңа аймақтық саясат әзірлеу қажеттігі негізделді.
Қазақстанның депрессиялық аудандарын ұзақ мерзімді дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар берілді және оны жүзеге асырудың алгоритмі негізделді.
Түйін сөздер: аймақ, аймақтық саясат, экономика, депрессиялық аудан, аумақтық үйлеспеушіліктер, теңестіру, ынталандыру, өсу, мемлекеттік қолдау, бағдарламалар.
Сілтеме жасау
Н.К. Нурланова Смена парадигмы региональной политики в XXI веке (зарубежный опыт и рекомендации для Казахстана) // Экономика: стратегия и практика — 2019 — № 1 (14) — С. 41-55.