«Жібек жолы» Экономикалық белдеуі Қазақстанның жаңғыртуға бастар жаңа қадамы

А.А.Сатыбалдин

Түйін

Мақалада Жібек жолы Экономикалық белдеуіне жататын елдер арасындағы сауда-экономикалық, транзит-көлік-логистикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету мәселелері қарастырылған. Келешекте бұл аймақтық серіктестіктердің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ жаһанданудың ауырлық орталығының жаһандық ауқымда әлдеқайда аз аймақтық бірлестіктерге ықпалдасуға ауысуы орын алады.
Жібек жолы экономикалық белдеуінің инфрақұрылымдық жобасының әлеуметтік-экономикалық әсері интеграциялық үдерістерді тереңдету және келісімге қатысушы елдер арасында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және адам ресурстарының қозғалысы кезінде шектеулерді жою; халықаралық мамандандыруды және өндіріс, ғылым және технология кооперациясын дамыту; экономиканы және оның инновациялық механизмін бірлесе қаржыландыру; қатысушы елдердің экономикасындағы құрылымдық өзгерістер; ұлттық заңдарды, нормалар мен стандарттарды жақындату және т.б. болады.
Зерттеу нәтижелері арнайы экономикалық аумақтар, шекаралық сауда-экономикалық және өнеркәсіптік аймақтар құру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Мақала экономикалық объектілерді құру процесстеріне қазақстандық кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуын белсендіру мақсатында олардың назарын аударуға, өзара тиімді серіктестікті құруға, шекаралас аймақтық аумақтарда қолайлы жағдайлар жасауға арналған.
Түйін сөздер: «Жібек жолы» Экономикалық белдеуі, ұлттық экономика, инфрақұрылым, жаңғырту, транзит.

Сілтеме жасау

А.А.Сатыбалдин «Жібек жолы» Экономикалық белдеуі Қазақстанның жаңғыртуға бастар жаңа қадамы // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 1 (14) — б. 9-25.