Әлемдік мұнай нарығының дамуы және оның трансформациясының алғышарттары

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T4

Сулейменова А.Ш., Панзабекова А.Ж.

Түйін

Соңғы уақытта әлемдік мұнай нарығы жаһандық экономикалық теңгерімсіздікке әкеліп соқтырған маңызды қиындықтарды бастан кешіруде. Бұл теңгерімсіздіктер мұнай бағасының күрт төмендеп, әлемдік мұнай ұсынысы сұраныстан әлдеқайда жоғары болуымен тығыз байланысты. Алайда нарықта бұндай жағдай үнемі болмаған. 2000 жылдардың басында зерттеушілер «мұнайға деген сұраныстың шыңына» жақын арада жететінін болжап, әлемдік мұнай өндірісі жақын арада өзінің шыңына жетеді деп сендірді. Сонымен қатар мұнай бағасының үнемі өсуі жаңа кен орындарын үнемі іздестіруге және байлықты мұнайды импорттаушы елдерден мұнайды экспорттаушы елдерге өтуіне алып келді. Бұндай жағдайлар әлемдік мұнай нарығының дамуына жаңа кезеңді қалыптастырды.
Жалпы коммерциялық мұнайды игеру тарихында әлемдік мұнай нарығы көптеген өзгерістерге ұшырады, бұл оның даму кезеңдерін анықтады. Мақаланың басты мақсаты – әлемдік мұнай нарығының дамуын кезең-кезеңмен талдау, сонымен бірге оның сипаттамаларын, ерекшеліктері мен пайда болған трансфомациялық құбылыстарын зерттеу.Мұнайды экспорттаушы елдер мен импорттаушы елдер арасындағы тұрақты геосаяси қақтығыстардық мұнай нарығының институционалды құрылымын айтарлықтай әртараптандыруға және жұмыс істейтін тетіктердің икемділігіне алып келді. Энергияны тұтынудың құрылымдық өзгеруіне әкелген технологиялық прогресс төмен көміртекті энергия көздерін пайдалануға және бүкіл әлемде мұнайды тұтынудың төмендеуіне әкеп жатыр.

Түйін сөздер: мұнай нарығы, картель, мұнай өндірісі, мұнай тұтынуы, мұнай бағасы.

Сілтеме жасау

Сулейменова А.Ш., Панзабекова А.Ж Развитие мирового рынка нефти и предпосылки его трансформации // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 43-54.