Шекара маңындағы аудандардың экономикалық әлеуетін бағалау әдіснамасы және оны пайдалану бойынша ұсыныстар (Алматы облысы мысалында)

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T3

Нурланова Н.Қ., Омаров А.К.

Түйін

Мақаланың мақсаты ауылдық шекара маңындағы аудандардың жағдайына бейімделген экономикалық әлеуетті бағалау көрсеткіштерінің әдіснамасы мен жүйесін таңдауды негіздеу, сондай-ақ осы тәсілді сынақтан өткізуге сүйене отырып, Алматы облысының шекара маңындағы аудандарын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бойынша ранжирлеуді жүргізу және оны неғұрлым толық пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
«Экономикалық әлеует» ұғымының мазмұнына қазіргі көзқарастар зерттелді, оны бағалау үшін қолданылатын әдістер зерделенді және қорытылды, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін анықтауға авторлық әдістемелік көзқарас ұсынылды, ол индекстік әдіс пен ауылдық аудандарға бейімделген көрсеткіштер жүйесіне негізделген.
Ұсынылған тәсіл Алматы облысының шекаралас аудандарының мысалында сынақтан өткізілді, оларды әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің интегралдық индексі бойынша саралау жүргізілді, олардың дамуын тежейтін негізгі проблемалар мен тәуекелдер анықталды.
Осы аудандардың тар салалы ауыл шаруашылығы мамандануын еңсеру және ұсақ фермерлік және қосалқы шаруашылықтарды дамытудан ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіруге, транзиттік және туристік әлеуеттерді неғұрлым толық пайдалануға, шекара маңындағы аудандардан көші-қон ағындарының теріс сальдосын төмендетуге екпінді көшіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.
Ауылдық шекара маңындағы аудандарды олардың экономикасын, инфрақұрылымын және әлеуметтік саласын дамытудың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану мақсатында мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар негізделген. Шағын және орта бизнесті ынталандыру, әлеуметтік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдау әдістері ұсынылды. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері қолданылды: жүйелік көзқарас, салыстыру, аналогия, индекстік талдау, саралау, жинақтау және нақтылау.

Түйінді сөздер: Экономикалық әлеует, бағалау әдістері, аймақ, шекаралық аудан, экономика, әлеуметтік даму, инфрақұрылым, теңестіру, мемлекеттік реттеу, ынталандыру.

Сілтеме жасау

Нурланова Н.К., Омаров А.К Методология оценки экономического потенциала приграничных районов и рекомендации по его использованию (на примере Алматинской области) // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 29-42.