Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ғылыми сыйымды секторды және инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық ортасы

Таубаев А., Каменова А., Орынбасарова Е., Сайфуллина Ю., Борисова Е.

Түйін

Бұл мақалада инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың негізгі факторы ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жоғары технологиялық ғылымисыйымды бөлігінің институционалдық ортасының ағымдағы жағдайы мен дамуына салыстырмалы талдау жүргізілді. Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің ЖІӨ-нің ғылымисыйымдылығын даму деңгейін салыстыру осы көрсеткіштердің салыстырмалы түрде төмен деңгейде екенін куәландырады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғылыми сыйымдылығының тұрақты төмен деңгейі экономиканың инновациялық дамуының салыстырмалы төмен деңгейіне және экономикалық агенттердің технологиялық тәуелділігінің жоғары деңгейіне негізделеді. Сондықтан халықаралық талаптарға сәйкес келетін жоғары технологиялық ғылымисыйымды бөлігінің институционалдық ортасын құру және дамыту Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инновациялық дамуында артта қалуды еңсерудің басты факторы болып табылады. Институционалдық ортаны талдау әдіснамасы келесілерге негізделген, ғылыми-инновациялық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын құрудың, инновациялық инфрақұрылымның негізгі субъектілерін қалыптастырудың, Еуразиялық экономикалық одақ елдері бойынша инновациялық саясатты стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдамалық және бағдарламалықнысаналы негіздерін әзірлеудің бастапқы кезеңі белгіленді. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың 20 жылдан астам кезеңіне қарамастан, сервистік ұйымдардың нәтижелі жұмысын қамтамасыз етудің және инновациялық қызметті тиісті ресурстық қамтамасыз етудің негізгі мәселелері әлі де шешілмеген. Салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта тек Ресей ғылымисыйымды бөлігінің жеткілікті дамыған институционалдық ортасы бар, қалған барлық елдер қаржылық сипаттағы шектеулерді бастан кешіруде және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзінің ұлттық инновациялық саясатын біріктіруге тиіс. Осы зерттеудің нәтижелері ұлттық инновациялық жүйелерді институционалдық қолдаудың тиімді тәжірибелерін қолдануды ескере отырып, ғылымисыймды инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық саясатын түзету бағытында пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: Еуразиялық экономикалық одақ, ғылымисыйымды жоғары технологиялық бөлік, инновациялық кәсіпкерлік, институционалдық орта.

Сілтеме жасау

А.Таубаев, А.Каменова, Е.Орынбасарова, Ю.Сайфуллина, Е.Борисова Институциональная среда развития наукоемкого сектора и инновационного предпринимательства в странах Евразийского экономического союза // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 2 (14) — С. 25-38.