АҚШ пен Қытайдың әлемдік мұнай нарығының трансформациясына әсері

Панзабекова А.Ж., Нгуен Ан Ха, Сулейменова А.Ш.

Түйін

Бұл мақалада АҚШ және Қытай мұнай нарығының жағдайы, тұтастай бүкіл әлемнің дамуы тәуелді басым елдер ретінде, сондай-ақ мұнай нарығының трансформациялық процестері айтарлықтай әсер еткен елдер ретінде қарастырылады. Мәселен, әлемдік мұнай нарығында мұнай бағасының күрт құлдырауына және нарықтағы елеулі дисбаланстарға алып келген АҚШ-тың сланецтік төңкерісі, Құрама Штаттарды мұнай өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі етіп, ал Қытайды әлемдік мұнай импорттаушылардың көшбасшы болуына әсерін тигіздірді. Осыған байланысты мақалада мұнайдың әлемдік нарығына талдау жүргізіліп, АҚШ және Қытай сияқты елдердің мұнай нарығының әлеуеті мен перспективалары және олардың мұнай нарығының өзгеруіне әсері зерттеледі. Мұнай нарығы тұрақты динамикада тұрғанын, ал мұнайдың бір баррелінің бағасы үнемі өзгеріп тұратынын ескере отырып, дамыған мұнай елдерінің энергетикалық саясатының өзгеруі Қазақстан сияқты дамушы мұнай рыноктарына ғана емес, тұтастай алғанда жаһандық нарыққа да одан әрі өсу мен дамуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Түйінді сөздер: мұнай нарығының трансформацисы, әлемдік мұнай нарығы, мұнай өндіру және тұтыну, мұнай экспорты мен импорты, стратегиялық мұнай қоры.

Сілтеме жасау

A. Panzabekova, Nguen An Ha, A. Suleimenova Influence of the USA and China on the Transformation of the World Oil Market // Economics: strategy and practice. — 2019 — № 3 (14) — p. 27-38.