Қазақстандағы исламдық қаржы дамуын талдау: шолу және даму келешегі

Сағиева Р.Қ., Қуанова Л.А.

Түйін

Мақала әдебиетте жеткілікті деңгейде игерілмеген, Қазақстандағы Исламдық қаржы қызмет етуінің ерекшеліктеріне және даму мәселелерін зерттеуге арналған. Исламдық қаржыландырудың елдегі бағыты соңғы 10 жылда тиісті дамуын таппағандықтан, авторлар Исламдық қаржыны дамытудың өткен тәжірибесін зерделеу және одан әрі өсу үшін еңсерілуі тиіс кедергілерді анықтау мақсатын алға қойды. Исламдық қаржы заңнамасының өткен тәжірибесін талдау және исламдық қаржы құралдарын пайдалану негізінде оларды Қазақстан Исламдық қаржы индустриясында қолдануды белсендіру бойынша ұсынымдар әзірленді. Мақалада қолданбалы зерттеу, ғылыми абстракция және жүйелік тәсіл әдістері қолданылды. Зерттеу барысында жасалған қорытынды Исламдық қаржысының күшті және әлсіз жақтары мен мүмкіндіктері және қауіптерін талдауға негізделген. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы Исламдық қаржының даму бағдарламасын координациялау кезінде заң шығарушы және заң атқарушы органдарымен қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеу ұсынымдары, мемлекеттегі заңнаманы жетілдіруде не болмаса, арнайы Исламдық қаржы туралы заңнаманы құруда орын алуы ықтимал. Зерттеу нәтижелері саланың жеткіліксіз өсу мәселесі, елде таңдалған Исламдық қаржы жүйесінің консервативті бағытында болуы және белгілі бір пруденциалдық, оған қоса әлеуметтік шектеулердің болуында екенін көрсетті.

Түйін сөздер: исламдық қаржы, исламдық банк, исламдық қаржылық институттардың салығы, Астана Халықаралық Қаржы орталығы.

Сілтеме жасау

Rimma К. Sagiyeva, Laura A. Kuanova Analysis of Islamic Finance development in Kazakhstan: overview and prospects // Economics: strategy and practice. — 2019 — № 3 (14) — p. 39-48.