Джаксыбекова Г.Н., Аубакирова Д.Е.
Түйін
Зерттеудің мақсаты қаржылық тұрақтылықтың үшөлшемді көрсеткішін зерттеу және бағалау, сонымен қатар нарық бағасының тиімді өсуіне және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға арналған ұсыныстар жасауға бағытталған. Авиакомпанияның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін «қаржылық тұрақтылық» экономикалық категориясына түсініктеме беріп, сонымен қатар қаржылық жағдайы мен зерттеу әдістерін осы мақалада толықтай қарастыру. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы компанияның стратегиялық дамуы мен қаржылық тұрақтылықтың негізі болып табылады. Зерттеудің әдіснамасы – қаржылық талдау, экономикалық-статистикалық әдісі, қаржылық тұрақтылықтың моделдері мен нысандары, синтез және талдау, салыстыру әдістері. Зерттеудің құндылығы «қаржылық тұрақтылық» экономикалық категориясына түсініктеме беріп, авиакомпаниялардың тұрақтылық жағдайын үшөлшемді индекс арқылы анықтап, бағалау және қаржылық тұрақтылықтың нысандарымен танысу. Зерттеудің нәтижелері – «Эйр Астана» авиакомпаниясының қаржылық есебінің нәтижесінде қаржылық тұрақтылықтың нышаны анықталды және үшөлшемді индекс жасалынды, қаржылық тұрақтылықты нығайтуына ұсыныстар жасалынып, компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы компания жұмысының тиімділігін көтеру.
Түйін сөздер: қаржылық тұрақтылық, қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері және нысандары, бәсекеге қабілеттілік, қаржылық тұрақтылықтың үш өлшемді индексі.
Сілтеме жасау
Г.Н. Джаксыбекова, Д.Е. Аубакирова Финансовое состояние и управление финансовой устойчивостью авиакомпании // Экономика: стратегия и практика. — 2019 — № 4 (14) — С. 67-79.