Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі және оны бағалаудың кешенді көрсеткіштері

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T7

Бимендиева Л.А., Пазилов Г.А., Кальбаева Н.Т.

Түйін

Мақалада кәсіпорынның инновациялық белсенділік көрсеткіштерін анықтаудың түрлі тәсілдері кеңінен қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – отандық тоқыма кәсіпорындарында инновацияның барлық түрін қамтитын инновациялық белсенділіктікті анықтаудың кешенді көрсеткіштерін ұсыну болып табылады. Жұмыстың маңыздылығы инновациялық белсенділікті анықтайтын көрсеткіштердің болуы кәсіпорынның инновациялық дамуын басқару және шешім қабылдау үшін қажет. Зерттеу барысында кәсіпорынның инновациялық белсенділік көрсеткіштеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кәсіпорынның инновациялық белсенділігін анықтаудың бірыңғай әдістемесі жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар мемлекеттік статистика органдары тарапынанда кәсіпорынның инновациялық белсенділігін анықтайтын нақты көрсеткіштер бекітілмеген. Қазақстанда бұл мәселе бойынша зерттеулердің жеткіліксіз екендігі белгілі болды. Зерттеуде тaлдaу мен синтездеудің жалпы ғылыми әдістері, сaлыстыру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жaлпылaу, сараптамалық бағалау әдістері қолданылды. Инновациялық белсенділікті бағалау бұл инновациялық қызметті жоспарлаудың
және тұтастай кәсіпорынның инновациялық дамуын бағалаудың бастапқы кезеңі болып табылады. Зерттеудің негізгі нәтижесі – кәсіпорынның инновациялық белсенділігін анықтаудың түрлі көрсеткіштерін жан-жақты зерттей отырып, Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін анықтайтын кешенді көрсеткіштер ұсынылды. Бұл көрсеткіштерді ұсынуда саланың ерекшелігі ескерілді. Жұмыс практикалық маңызға ие, статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы жылдарда отандық тоқыма кәсіпорындарының өткізген инновациялық өнімдерінің үлесі күрт төмендеп кеткен. Бұл осы саладағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Сондықтан да тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігінің кешенді көрсеткіштерін ескере отырып, оны арттыру шараларын жүзеге асыру қажет.

Түйін сөздер: инновациялық белсенділік көрсеткіштері, тоқыма кәсіпорындары, инновациялық өнім.

Сілтеме жасау

Бимендиева Л.А., Пазилов Г.А., Кальбаева Н.Т Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі және оны бағалаудың кешенді көрсеткіштері // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 79-92.