https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T1
Сатыбалдин А.А., Темирова Г.Қ., Жүнісбекова Т.А.
Түйін
Бұл мақалада қазіргі экономикалық жағдайда азық-түлік қауіпсіздігінің мәні мен рөлі қарастырылады. Азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің болуы мен тәуелсіздігінің маңызды шарты ретінде қарастырылады. Қазіргі жағдай, заманауи талаптар күрделі әлеуметтік кешенмен сипатталады, халықаралық деңгейде де, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық елдерінің әрқайсысының деңгейінде де саяси, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуге бағытталған. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары ауыл шаруашылығы саласындағы терең зерттеулерді талап етеді. Биотехнология саласындағы үйлестірілген жұмыс ауыл шаруашылығы дақылдарын жақсартуға, ауыл шаруашылығында қайта өңдеу және өндіру саласындағы инновациялық стратегияларға, тамақ өнеркәсібінде жаңа технологияларды енгізуді ынталандыруға және осы саладағы ғылыми-зерттеу жобаларына инвестицияларды тартуға бағытталған Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі бола алады.
Зерттеу барасында жан басына шаққандағы ауылшаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлерін тұтынудың нәтижелері ұсынылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың ұлттық стандарттары тұтынудың физиологиялық нормаларымен салыстырылып, ең аз және ең көп тұтыну көлемі бойынша жан басына шаққандағы тұтынудың өңірлік аспектісі қарастырылды. Сонымен қатар, ұлттық азық-түлік қауіпсіздігіне ішкі және сыртқы қатерлерді жоюға ықпал ететін шаралардың жүйесі ұсынылады.
Түйін сөздері: азық-түлік қауіпсіздігі, халықаралық ұйым, экономика, заманауи талаптар, нормативтік құқықтық.
Сілтеме жасау
Сатыбалдин А.А., Темирова Г.Қ., Жүнісбекова Т.А Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі: жағдайы және мүмкіндігі // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 11-20.