Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы өзгерістерді басқару

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_2_T2

Еңсебаев Р.С.

Түйін

Мемлекеттік органдарды жеке ұйымдармен салыстыруға болады. Олардың да мақсаттары бар, өз мақсаттарына жету үшін олар әртүрлі ресурстарды пайдаланады, әртүрлі сыртқы және ішкі қиындықтарға тап болады, жеңілістерге ұшырайды және жеңіске жетеді.
Зерттеудің мақсаты – салық және кедендік әкімшілендіруді реформалау жағдайында мемлекеттік органдардың жұмысына өзгерістер енгізу тәсілдерін қарастыру және осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болды. Зерттеу жалпылау, жүйелеу және индукция әдістерін қолдана отырып, жүйелік тәсіл негізінде жүргізілді. Зерттеу қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық қайта құру процесінде екенін көрсетті. Комитет қызметтерін күн сайын миллиондаған азаматтар мен кәсіпкерлер пайдаланады. Пайдаланушылардың қанағаттануы қызметтердің сапасына байланысты. Комитеттің тиімділігінің маңызды көрсеткіші – жиналған салықтар мен бюджетке төленетін басқа төлемдердің мөлшері. Мемлекеттік кірістер комитеті сияқты ірі және консервативті ұйым үшін өзгертулердің орталықтандырылған түрде орындалуы ұзақ уақыт бойы тиімді бола алмайды.
Мақалада жаңа мәдениетті насихаттау аясында жаңа тәсілдерді енгізіп, өзгеріс агенттерінің желісін дамыту қажет екендігі, талантты және ынталы қызметкерлерді тарту және өзгерістердi қабылдамайтын қызметкерлерден арылу мәселелерін неғұрлым агрессивті және сенімді түрде шешу қажет екендігі көрсетіледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметінде
пайдалануға болады.

Түйін сөздер: өзгерісті басқару, өзгеріс агенттері, цифрлық түрлендіру, жаңа технологиялар, салық мәдениеті.

Сілтеме жасау

Енсебаев Р.С Управление изменениями в работе органов государственных доходов // Экономика: стратегия и практика — 2020 — № 2 (15) — С. 21-28.