Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігіне сапа менеджменті жүйесінің әсері туралы маркетингтік зерттеулер

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T17

Кубеева А.С., Есимжанова С.Р.

Түйін

Соңғы жылдары әлемде ИСО 9001 сериялы халықаралық стандартқа сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізген ұйымдар саны айтарлықтай өсті, алайда сапа менеджменті жүйесінің кәсіпорынның өнімділігіне әсері жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ. Еңбек өнімділігін арттыру мәселесі Қазақстан экономикасы үшін өткір мәселелердің бірі болып қала бермек. Бұл зерттеудің мақсаты – Алматыдағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігіне сапа менеджменті жүйесінің әсер ету дәрежесін анықтау. Мақалада Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 1985 – 2020 жылдар аралығындағы негізгі экономикалық көрсеткіштері талданған. Маркетингтік зерттеулер статистикалық және салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отырып, сараптамалық сауалнама негізінде жүргізілді. Зерттеу құралының сенімділігі анализі альфа-Кронбах коэффициентін қолдану арқылы жүргізілді. Барлық өлшеулер мен сынақтар Smart PLS 3 және SPSS 23 бағдарламаларында өткізілді. Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар анықталды. Оларға сапа менеджменті жүйесі, экономикалық өсу қарқыны, инфляция деңгейі, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме, валюта бағамы, демографиялық өсу қарқыны, өндірістің техникалық және технологиялық жағдайы, кәсіпорынның мақсаттары, ынтымақтастық, дағдылар, жұмыс тәжірибесі кіреді. Маркетингтік зерттеулердің нәтижелері сапа менеджменті жүйесі Алматы қаласындағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігіне оң әсер етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сапа менеджменті жүйесін енгізу кезінде ақаулар саны азаяды. Сапа менеджменті жүйесінің еңбек өнімділігіне әсері сарапшылармен расталады.

Түйін сөздер: сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), еңбек өнімділігі, жеңіл өнеркәсіп, сауалнама, ISO 9001, өнім сапасы.

Сілтеме жасау

Aiganym S. Kubeyeva , Saira R. Yessimzhanova Marketing research on the impact of the quality management system on labor productivity of light industry enterprises // Economics: strategy and practice. — 2020 — № 3 (15) — p. 227-236.