Металлургиялық компаниялар мысалында жоғары тәуекелді жобаларды іске асыру кезінде нақты опциондарды пайдалану

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_3_T6

Филин С.А., Жусипова Э.Е., Якушев А.Ж., Колесник Е.Е., Жадигерова Г.А.

Түйін

Мақаланың зерттеу пәні металлургиялық компаниялар мысалында алынған нақты опциондарды пайдалана отырып, жоғары тәуекелді жобаларды сақтандыру тиімділігін бағалау процесі болып табылады. Мақсаты – оған енгізілген нақты опциондарды пайдалана отырып, жобаны іске асырудан күтілетін әсерді есептеу формуласын нақтылау. Зерттеу гипотезасы – есептеудің неғұрлым объективті формула- сын қолдану олардағы қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға және жобаларды сақтандырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Математикалық модельдеу, ақша ағындары мен нақты опциондарды дисконттау әдістері қолданылды. Жобаға кіріктірілген нақты опциондар мен оларды пайдалануға байланысты қосымша ұзақ мерзімді шығындар құнының формуласында есепке алу және жобаның жалпы тәуекелін төмендету тиісті есептеулердің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Мақаланың жаңалығы металлургиялық компаниялардың жобалары үшін нақты опциондардың негізгі түрлерін жүйелеу және оған енгізілген нақты опциондарды пайдалана отырып, тәуекел және белгісіздік жағдайында жобаны іске асырудан күтілетін әсерді есептеуді нақтылау болып табылады. Ұсынылған жүйелеу басқару шешімдерін қолдану ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудан күтілетін әсерді есептеудің неғұрлым объективті формуласын оған кіріктірілген нақты опциондарды (шектеу кезінде – тек базалық ретінде нақты активтер үшін) пайдалана оты- рып қолдану ұсынылған гипотезаны растайды.

Түйін сөздер: нақты опцион, металлургия компаниясы, бағалау, инвестициялық жоба, стратегиялық мақсат.

Сілтеме жасау

Филин С.А., Жусипова Э.Е., Якушев А.Ж., Колесник Е.Е., Жадигерова Г.А. Использование реальных опционов при реализации высокорисковых проектов на при- мере металлургических компаний // Экономика: стратегия и практика. — 2020 — № 3 (15) — С. 83-95.