ҚР зияткерлік әлеуетін бағалауға арналған интернет-платформаларға шолу

Жангалиева К.Н., Бектурганова М.С., Абилкайыр Н.А.

Түйін

Қазіргі экономикалық даму жағдайында цифрлық экономикаларды дамыту мәселелері, әсіресе бірқатар елдердің төртінші өнеркәсіптік революцияға қайта құру кезеңінде ерекше өзектілікке ие болып отыр. Цифрлық экономиканы қалыптастыру – ол елдің дамуының өзекті міндеті, оны шешу жаһандық бәсекелестіктің сын – қатерлерін көрсетуге және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті бола алады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қарқынды дамытудың арқасында цифрлық экономиканы дамыту және өнеркәсіп салаларын кейіннен цифрлық трансформациялау үшін негіз пайда болды, онда негізгі элементтердің бірі – тек құрылған аппараттық және бағдарламалық кешен болып ғана қоймай, сондай-ақ компанияда өтетін барлық процестердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзара байланысқан қосымшалар, бағдарламалар мен бизнес-операциялар жүйесі болып табылатын цифрлық платформалар болып табылады. Осы ғылыми мақала аясында «цифрлық платформа» ұғымына және оның типологиясына қатысты көзқарастар егжейтегжейлі қарастырылды. Соның ішінде іріктеліп, ашық білім беру ресурстары (OER), ашық / виртуалды зертханалар, ғалымдардың әлеуметтік желілері және краудфандингтік платформаларға ерекше назар аударылды. Бұлардың әрқайсысының түрлеріне шетелдік және отандық платформалардан мысал келтіріліп, салыстырмалы талдау жүргізілді.

Түйін сөздер: цифрлық трансформация, цифрлық платформалар, цифрлық платформалардың типологиясы, краудфандинг, ашық білім ресурстары

Сілтеме жасау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T15

Жангалиева К.Н., Бектурганова М.С., Абилкайыр Н.А. ҚР зияткерлік әлеуетін бағалауға арналған интернет-платформаларға шолу // Экономика: стратегия және практика. — 2020 — № 4 (15) — б. 183-193.