Жаһанды сын-қатерлер аясында Қазақстан Республикасының жастар еңбек нарығын талдау

Қалиева С. А., Бүйтек Э. Қ., Мельдаханова М.К.

Түйін

Зерттеу мақсаты: 2014-2018 жылдар аралығындағы Қазақстан жастарының жұмыспен қамтылу құрылымына талдау жүргізу, пандемияның ұлттық және аймақтық еңбек нарықтарының дамуына әсерін анықтау, жастар еңбек нарығындағы теңгерімсіздік мәселесін көрсету және жастардың Қазақстанның еңбек нарығындағы ішкі көші-қон ерекшеліктерін айқындау. Әдіснамасы: Зерттеу әдіснамасына жалпы ғылыми, жеке, эмпирикалық және теориялық зерттеу әдістері кіреді. Мақаланы дайындауда статистикалық талдау, салыстырмалы, құрылымдық, факторлық талдау әдістері мен құралдары қолданылды. Статистикалық құрал ретінде мәліметтерді кестелік және графикалық ұсыну әдістері пайдаланылды. Зерттеудің бірегейлігі / құндылығы: Ұлттық еңбек нарығындағы жастардың позициясын бағалау қажеттілігі олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы айқындаушы рөліне байланысты. Жастардың қоғамға ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ету көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде қоғамдық ұдайы өндіріске қол жеткізу, еңбек өнімділігінің артуы және жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатқызылады. Зерттеу нәтижелері: Авторлар қазақстандық еңбек нарығында жастардың позициясын жақсарту бойынша шаралар ұсынады.

Түйін сөздер: жастардың еңбек нарығы, жұмыспен қамту, білім беру, өзін-өзі жұмыспен қамту.

Сілтеме жасау

https://doi.org/10.51176/JESP/issue_4_T7

Saule А. Kaliyeva, Elvira K.Buitek, Marziya К.Мeldakhanova Analysis of the youth labor market in the Republic of Kazakhstan in the context of global challenges // Economics: strategy and practice. — 2020 — № 4 (15) — p. 81-88 .