Экспорт жағдайында сүт өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау

Толеугалиева C.Т.

Түйін

Сүт пен сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мәселесі нарықтағы бәсекелестікті арттыру мен отандық тауар өндірушілердің сүт және сүт өнімдерін дамыту үшін маңызды.Сол себептен, сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін тиісті дәрежеде арттыру қажет. Мақалада еліміздегі сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға және оның экспортын жылжытуға ықпал ететін негізгі факторлардың әсерін зерттеу қарастырылды. Сонымен қатар елімізде сүт қабылдау пункттерін ашу қажет, ал оның логистикасын қамтамасыз ету барсында сүт тасымалдаушыларды сатып алу көзделеді. Зерттеу барысында зерттеудің сандық әдістері қолданылды, яғни статистикалық мәліметтер негізінде, экономикалық-математикалық модеульдеу әдісінің көмегімен математикалық модельдер құрылды. Мақалада сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспортты жылжыту барысында ең бірінші оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтап, зерттеулер жүргізу қажет екендігін көрсетеді. Бұл мәселе, әсіресе азық-түлік нарығындағы ауылшаруашылық кешенінде, оның ішінде сүт өңдеу кәсіпорындары үшін өте маңызды. Себебі, ауылшаруашылығы халықтың өмір сүруі үшін қажетті азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы болып табылады. Мақалада еліміздегі сүт өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне және оның экспорының жылжуына ықпал ететін факторлар анықталып, талданады.

Түйін сөздер: бәсекеге қабілеттілік, сүт, сүт өндірісі, импортты алмастыру, экспортты ынталандыру, негізгі факторлар

Сілтеме жасау

S.T. Toleugaliyeva Assessment of competitiveness of milk production under export conditions // Economics: strategy and practice. — 2019 — № 4 (14) — p. 93-103.